Жеті баланың анасын зорламақ болған: Өскеменде зорлық жасаған ер адамға сот үкімі шықты
Өскеменде де 46 жастағы әйелді зорлады деп айыпталған ер адам сегіз жарым жылға сотталды. Сотталушы бұл әрекетін өзіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқан кезде жасаған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Сотталушыдан жапа шеккен тек бір әйел емес. Айыпталған азамат осыған дейін 7 баланың анасын қараңғы жерде ұстап алып, зорламақ болыпты. Абырой болғанда, көпбалалы ана азғыннан аман-есен құтылған.
Артынша , қылмыстық іс қозғалғанымен, ер адам тұтқындалмай, бостандықта жүрген еді. Осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқан кезде ер адам әдетіне басып, екінші әйелді күштеп жыныстық қатынасқа итермелеген.
Полицейлер осы жайттан соң ғана ер адамды қамауға алған.
«Жаппа шеккен екі әйел де – ШҚО тұрғындары. Кінәліге 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - дейді Өскемен қалалық №2 сотының судьясы Эльдар Мұқаев.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"