Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жертөледе тұратын 30 жастағы қазақ жігітінің хикаясы көпшілікті жылатты

30 жастағы Мұхаммедқали Шәкеев жазда даланы, қыста жертөлені мекен етеді. Апталдай азаматтың не құжаты, не өмірге деген құштарлығы жоқ.

“Қазақстан” арнасының “Қарекет” бағдарламасы Мұхаммедқалидің өміріне арналған хабарды көрерменге ұсынды.

Бағдарлама авторының айтуынша, бүгінде жертөлені мекен етіп отырған Мұхаммедқалидің бір кездері үлкен үйі де, ата-анасы да, арманы да болған. Алайда отбасы алаяқтарға алданып қалды, ата-анасы өмірден өтті, жігіттің өзі далада қалған.

“Бұл жігіттің жағдайы қиындау. Қанша жылдан бері қиыншылықта өмір сүріп келе жатыр. Жертөледе тұрады. Анда санда ас-суын әкеп тұрамыз, өзі де азығын тауып ішеді”, – дейді Мұхаммедқалидің досы.

Мұхаммедқалидің айтуынша, ата-анасы ауыр сырқаттан қайтыс болған.

“Бұл өмірде ата-ананың болмағаны жаман екен. Соның салдарынан осындай күйге жеттім. Жасым 30-ға келді. Осындай жағдайға ұшырадым. Жертөледе, саябақта өмір сүремін. Далада кетіп бара жатқан жұптарды көремін. Үйленіп, балалы болғым келеді. Жасым болса кетіп бара жатыр. Өмірімнің өтіп кетпегеніне сенгім келеді”, – дейді Мұхаммедқали.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында 7-сынып оқушысы қыз баланы құтқарып қалғаны үшін марапатталды

Астанада жолға таласқандар 30 жастағы жігітті пышақтап, өлтіріп кетті

Террорды насихаттағаны үшін сотталған Алматы облысының тұрғыны қалыпты өмірге бейімделе алмай жүр

52 адам көз жұмды: Ақтөбе облысында автобус өртеніп кетті (видео)

 

Талқылау