Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жерлестерін көріп шабыттанып кеткен Баян көпшіліктің алдында бас иді (видео)

20 мың дана кітап шығарған атышулы продюсер Баян Мақсатқызы жер-жерді аралап, кітап тұсаукесерін өткізуді әлі де жалғастырып жатыр. Мәселен, жуырда ол қырғызстандықтармен кездесіп, Бішкекте кітабының тұсауын кесті. Ал күні кеше туған жері Орал қаласына ат басын тіреді.

баян 210817

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жерлестері Баян Мақсатқызын ерекше ықыласпен қарсы алды. Қала орталығындағы ойын-сауық кешенінде ине шаншарға жер болмаған. Оны продюсер жариялаған видеодан байқауға болады.

Кітабының тұсаукесеріне жиылған көпшілікті көрген Баянның өзі де таңданысын жасыра алмады.

“Осы жылдар ішінде құр босқа жұмыс істемегенім үшін бақыттымын. Барлығы сіздер үшін. Рұқсат болса, алдарыңызда бас иемін. Дәл осылай мені еш жерде қарсы алған жоқ. Шымкенттіктер қонақжайлылық жағынан бәрінен басып озды деп едім, сіздер олардан да асып түстіңіздер. Сіздер ең мықтысыздар, мен сіздерді жақсы көремін”, – деді жерлестерін көріп, шабыттанып кеткен Баян.

Айта кетейік, Баян Мақсатқызы 2017 жылдың 5 шілдесінде “Баян. Өзім жайлы ғана емес” атты кітабын сатылымға шығарған болатын.

Уральск! Это было не забываемо!

Публикация от Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота мен Дәуреннің қандай сериалға түсіп жатқаны белгілі болды

Иван Ургант “Астана” жейдесімен суретке түсіп тәнті етті

Қыдыәлі: Сүйем сүйгенді. Қарақатыммен ақ некемізді қиғанымызға бүгін 18 жыл толды

“Алашұлының” Ninety one-ға қарсы шығарған клипі желіні “жарды” (видео)

 

 

Талқылау