Жер саудасына қатысты дауға Мамытбеков араласты

Жұма, 15 Сәуір , 2016 7:08

Үлкен дау тудырған жер саудасына қатысты Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеме жасады. Асылжан Мамытбеков жер телімдері шетелдіктерге мүлдем сатылмайды деп сендіріп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

1443012639rzac7

Сурет today.kz

“Ол жер көбінесе, жер пайдаланушылардың өздеріне сатылады. Және біздің жер кодексіміз бойынша, Қазақстанның заңы бойынша, ешқандай шетелдіктерге ауыл шаруашылық жері сатылмайды деп жазылған. Сондықтан ол өзіміздің азаматтарымызға және жергілікті компанияларға тиесілі болады”, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Осылайша, министр жұрт бекерге дүрлігіп жүр деген сыңай танытты. Бір қызығы, бұл атышулы құжатты қос палаталы Парламент бекітіп, енді ол 1-ші шілдеден бастап күшіне енуі тиіс.

«Жер телімдері сатылмауы керек» деп күні кеше аяқасты пікірін өзгерткен коммунистердің де кезінде сол заңды жақтап дауыс бергенін айта кетейік. Негізі, қабылданған құжат бойынша, 2 миллионнан астам ауыл шаруашылығы жерлері аукцион арқылы жекеге берілуі тиіс. Бірақ, бүгін министр Мамытбеков заңда «шетелдіктерге жер сатылады» деген баптың жоқ екенін айтты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар