Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова жас көріну үшін қабағының терісін алдырып тастаған

Сұлулық үшін жан пида! Қыз-келіншектер мен әйелдер қауымы сұлу әрі жас көріну үшін қашанда барын берген. Әсіресе, бүгінде ел арасында медицина мен технология дамыған заманда сұлулықты қолдан жасап алуға болады деген пікір қалыптасқан, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Берілген мүмкіндікті пайдаланған Жеңіс Ысқақова жас көріну үшін көзінің үстіндегі артық терісін алдырып тастаған. Бұл туралы ол 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтты.

“Оны кестірген жоқпын, ашығын айтайын. Мен хирургиялық отадан қорқамын. Косметологтар өздері бірдеңе жасады. Бірақ қансыз, ұйықтап қалып оянған жоқпын. Кәдімгідей жаттым, өздері жинап берді”, – деп ағынан жарылды әнші.

Ысқақова мұндай қадамға не үшін барғанын түсіндірді.

“Көңіліміз 25 болғанымен, табиғат өзінікін алады ғой. Бояған кезде кішкене көзім ашық болсын деп жасаттым. Әдемі болған сияқты”, – дейді ол.

Расында әншінің түр-әлпетіндегі өзгерісті байқамау мүмкін емес. Әнші бар болғаны блефоропластика, яғни қабағының үстіндегі терісін алдыру арқылы көзін үлкейткен екен.

Оқи отырыңыз: 

Танымал ресейлік актер балалар порнографиясы мен бала зорлағаны үшін 22 жылға сотталды

Танымал әнші қазақ күйеуінен қалай таяқ жегенін айтып берді (видео)

Еріншек сұлу бола алмайды: Баян Мақсатқызы сұлулығының құпиясымен бөлісті

Аишаны тани алмайсың: Бүркіт жұбайының бояусыз түрін көрсетті (видео)

Талқылау