Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова: Келінімді қыздай көремін деген өтірік әңгіме

Таяуда ғана «жұлдызды енелердің» тізімін толықтырған Жеңіс Ысқақова, аздаған уақытта мол тәжірибе жинап үлгергенін айтады. Сондай-ақ, ұлының жұбайына үйдегі ішкі тәртіпті шегелеп тұрып түсіндірген. Ал, ер мінезді ене жас келінімен тіл табыса алды ма?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Жуырда беташар рәсімін өткізіп, кейін дүркіретіп той жасаған Жеңіс ханым, бүгінде бір әулеттің енесі. Бұрындары бұл тақырыпқа ауыз ашпайтын Ысқақова, тұңғышының жұбайы жайлы алғаш рет тіл қатып отыр.

“Ойбай, мен келінімді қыздай көремін деген әңгіменің бәрі өтірік. Тағы айтамын. Мен өзімнің келінімнің алдында, дұрыс болуға тырысамын. Ол да менің алдымда дұрыс болуға тырысады”, – дейді Жеңіс Ысқақова.

Ысқақованың сөзінше, келінмен арадағы кикілжің енелердің ессіздігінен туындайды екен. Өйткені, отбасындағы қалыптасқан қағида мен қатаң талаптар, өз уақытында өнер иесінің де жүйкесін жұқартқанын жасырмайды.

“Менің айтқанымды істейсің, менің айтқанымдай деген принципті қою керек сияқты. Келіп алып, менің заңыммен, менің дәстүріммен жүр деуге болмайды. Жәймен үйрету керек деп ойлаймын”, – дейді әнші.

Ысқақованың келініне қоятын талаптары қандай?

“Кім таңертең жұмысқа кетеді. Сол өзінің шәйін ішіп кете береді деген болмайды. Біреу жұмысқа кетеді ме, бәріміз бірге таңғы асты ішіп, бәріміз бірге дастарханнан тұруымыз керек. Содан кейін, өзіміздің жұмысымызбен кетуіміз керек. Бірақ, бүгінгі күні келінім соны орындап отыр, Аллаға шүкір! Әрі қарай көре жатармыз енді”, – дейді Ысқақова.

Жіберіп алмаңыз: 

Ерке Есмахан дүркіреп өткен туған күніне әншілерді шақырған жоқ (фото, видео)

Алтынай Жорабаеваның қыздары сұлулығымен жұртты таңдай қақтырды (фото)

Нағима Есентаева абақтыда жатқан ағасынан сый келгенін айтып, көзіне жас алды

Димаш Құдайберген Инновация заманының лидері атанды

 

Талқылау