Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіл жүрісті әйел: Жаңа жылда «Ақшақар» образында қызмет көрсетеміз

Жаңа жылға небәрі алты күн қалды. Базардағы бағаны былай қойғанда қазақстандық интим нарықтың да құны шарықтап кеткенге ұқсайды. Мерекеде келетін басты қонақтарға «Аяз ата мен Ақшақардың образында қызмет көрсетемін» дейтін жезөкшелерге деген сұраныс та артыпты. Бұл батысқа еліктеудің жаңа түрі ме, әлде психологиялық ауытқу ма?

Жезөкшелер: Жаңа жылда «Ақшақар» образында қызмет көрсетеміз

Бұл туралы “Еуразия бірінші арнасы” хабарлайды.

Сайттарды ашып қалсаң, «жылтыраған» жарнамадан көзің сүрінеді. Тәнін сатып, «нан» тауып жүргендер мерекеге дайындықты бастап кеткен сыңайлы.  Жеңіл жүрісті бойжеткендердің біріне хабарласып, жүздесіп қайттық.

Бойжеткендердің бірі ақшақардың да, аяз атаның да образын сомдаймын деп сендірді. Жалпы, секс индустрия жаңа жыл қарсаңында қыза түсіпті. Интернетті ашып қалсаңыз, қыздардың сайтындағы ақпаратты оқып таң қаласың. Құдды көлік сатылып жатқан сыңайлы. Жасы, бойы, салмағы, ұлты, қызметіне дейін жіпке тізіп жазып қойған.  Психолог маман бұл үрдістің былай түсіндірді.

«Адам бір кейіпте, бір күйде жүргеннен шаршайды ғой. Содан кейін осындай мерекелерді қолданады. Бір жағынан ақшаны да табады, бір жағынан өзгерістерді сезінеді.  Психологиялық жағынан осылай түсіндіріп өтуге болады», – дейді психолог Гүлнұр Асанова.

Сексолог Венера Телжан түрлі образды сомдайтын жеңіл жүрістілерге әуес адамдарға «ауру» деп баға беруге болмайды деп кесіп айтты. Мұндай интимді қызметке жүгінетін азаматтардың ішінде де ауытқуы бар адамдар болуы да мүмкін. Оны маманның тексерісінен кейін бірақ анықтауға болады екен.
«Адамдар өздерінің сексуалды өмірлеріне жаңа эмоция қосқысы келеді. Ол адамның сексуалды өміріне байланысты. Әрине осындай жарнамалар беріп жататын болса, неге оны қолданбасқа деп. Бұл жерде тек қана қызығушылық. Бұл ауытқу емес», – дейді сексолог Венера Телжан.

Жаңа жылдың алдында дүкендер жеңілдік жасап, тауарын сатса, жезөкшелер тәнін саудалаудың бір ұтымды жолын тапқандай. Таңдаған маркетингтік тәсілі айтары жоқ, өз жемісін беріп те жатқан көрінеді. Бұрынғының аяз атасы мен ақшақары балалардан тақпақ сұрап, кәмпит таратушы еді. Бүгінгі жаңа жылдың басты кейіпкерлері ақша сұрап, ләззат сыйлаймын деп жарнама жасауда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау