Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Нью-Джерси губернаторының Дінмұхамед Қонаевқа жазған хаты жарияланды

Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың мұражайы мемлекет және қоғам қайраткерінің мұрағаттық суретін, сондай-ақ Нью-Джерси штатының губернаторы Роберт Б.Майнердің Қонаевқа жазған хатын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/museumkunaev

Хатта америкалық губернатор Қонаевқа кездесу мен қонақжайлығы үшін алғысын білдіріп, оны Нью-Джерси штатына шақырды.

“Құрметті Қонаев мырза, Майнер ханым және мен сізбен және сіздің қызметкерлеріңізбен кездесуге мүмкіндік бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Қонақжайлық танытқаныңыз үшін және бізге мемлекеттік құрылымыңыздың ерекшеліктерін ықыласпен түсіндіріп, көптеген мемлекеттік мекемелеріңізбен жеке танысуға жағдай жасағаныңыз үшін өте ризамыз. Жақын арада Америка Құрама Штаттарына жолыңыз түссе, Нью-Джерси штатымен де танысуға келерсіз деп үміттенеміз", – делінген хатта.

Бұған дейін 2023 жылдың желтоқсан айында мұражай Дінмұхамед Қонаевтың әйелімен түскен суретін жариялаған еді. Мемлекет қайраткері өз кітабында жары Зухра Шәріпқызының ол үшін ең жақын адам, сырлас дос болғанын жазған.

 

Талқылау