Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Ливан президентінің саммит кезінде құлап түскен видеосы пайда болды (видео)

Ливан президенті Мишель Аун Араб мемлекеттері лигасы саммитінде өзге мемлекет басшыларымен бірге суретке түсу кезінде құлап қалды.

88744400b567ff9fd1559f9d1cad6031

Бұл туралы “Әл-Арабия” телеарнасы хабарлайды.

Кадрда мемлекет басшыларының бірігіп суретке түсуге дайындалып жатқанын байқауға болады. Кенет 82 жастағы Мишель Аун төмен қарай бетпен құлап түскен.

Бірнеше сағат өткен соң саясаткер саммитте жұртшылық алдына шығып сөз сөйледі. Оқиға куәгерлерінің айтуынша президент кілемге сүрініп кеткен. Саммит Иорданияда 18 ел басшыларының қатысуымен өтіп жатыр.

Бастапқыда бұл жиын Йеменде өткізілуі тиіс болған. Алайда бұл елдің билігі мемлекеттегі ішкі жағдайдың тұрақсыздығына байланысты шараны атқарудан бас тартқан.

Оқи отырыңыз:

Сатушының өз тағамын ерекше жарнамалауы желідегілерді күлкіге қарық қылды (видео)

Шымкенттегі балабақша тәрбиешілері бүлдіршіндердің көзінше әдепсіз қылықтар жасады (видео)

Бәстесіп беттеріне аямай күйе жаққан балалардың әрекеті күлкі туғызды (видео)

Димаштың өнеріне тәнті болған француз қызы “Дайдидауды” шырқады (видео)

Талқылау