Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде “Қазақ аруы” телехикаясының трейлері пайда болды (видео)

Баян Есентаева “Қазақ аруы” телехикаясының трейлерін бөлісті.

15623793_608717365984310_5445503719368032256_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баян Есентаева жуырда жаңа телехикаяның түсірілім жұмыстарын бастап кеткен-ді. Аталған туынды Алматы қаласындағы сауда орталықтарының бірінде түсіріліп жатыр. Жұмыс кестесі таңнан, кештің батысына дейін жалғасады екен.

6 бөлімнен тұратын Қазақ аруы телехикаясы небәрі екі аптаның ішінде түсіріледі деп жоспарланып қойған. Продюсер басты рөлдердің бірін өзі сомдайды. Ал бойжеткеннің рөлі 16 жастағы Гүлзада Тұрлашқа бұйырды. Әзірге туындының көрерменге қашан жол тартатыны белгісіз. Десе де, жұрт оның трейлерінің өздеріне ұнағанын айтып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, аталған фильмде басты кейіпкердің ғашығының рөлін Тәуекел Мүслім сомдайды. Ол аталған туындыда ұятсыз сахналардың болатынын тілге тиек еткен-ді.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева енеке мініп серуендеді (видео)

Қыдырәлі Болманов қазақстандық сәнгерді Меруерт Түсіпбаеваға кешірім беруге шақырды

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы туған күнімен құттықтап келді (видео)

Тыңдарманы Бүркіт пен Айшаның ұлының анасынан аумайтынын байқап қалды (фото)

Талқылау