Димаш 8-кезеңде бесінші орын алды
«Мен әншімін» жобасының сегізінші кезеңінде Димаш Құдайбергенов қытай тілінде ән айтты. Бұл жолы отандасымыз бесінші орыннан көрінді.

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.
11 наурыз күні болған байқауда Димаш Құдайбергенов әнші Хан Хонгтың «Таң атты» туындысын орындады. Аталған туындыны қытай тілінде айтты. Десе де, бұл жолы ол бесінші орынға ие болды. Бұған денсаулығың сыр беруі себепші болса керек.
Ол тыңдармандарына өзі үшін алаңдамауды өтінді. «Денсаулығыма көңіл бөліп жатқан баршаға раxмет! Қазір жағдайым жақсарып келе жатыр. Жанкүйерлерімнен қатты уайымдамауларыңызды сұраймын! Баршаңызды жақсы көремін!» – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш Құдайбергенов желідегілермен әзілдесті (видео)
Бүгін Димаш қытай әнін орындайды
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"