Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушылары Тейлор Свифт оққағарының түрін күлкіге айналдырды

Америкалық топ-модель Лили Олдридж Инстаграм желісіндегі парақшасына қызы және әнші құрбысы Тейлор Свифт пен оның оққағарының суретін салған.  Фотода  олар  саябақтағы ең қауіпті аттракциондардың бірінде отыр. Суретті тамашалаған жұрттың назары бірден әншінің оққағарына түскен. Бұл туралы BuzzFeed жазған.

оққағаррр

Суретке бір тәуліктің ішінде 114 лайк, яғни ұнату белгісі басылған. Онда әнші Тейлор Свифт пен құрбысы және Олидридждің қызы қорқынышты аттракционда ұшып баражатып эмоцияларын жасыра алмаған. Ал олардың артқы жағында отырған оққағардың түрінен ешқандай да өзгеріс, қорқыныш, күлкі немесе таңқалудың белгісі де байқалмайды.

Желі қолданушылары пікір қалдырған кезде оны терминаторға теңеп, мұңды, қандайда бір сағынышы басым адамға ұқсатады.

Аз уақыттан кейін көпшілік суретке байланысты әзілді нұсқасын жариялай бастаған. Бірі оққағарға «Мен автобуспен жұмысқа баражатырмын» деп айтқызып қойған.

1-ші сәуір күні әнші жүгіру жолағында ән айтып тұрып құлап кеткен видеосын желіге жүктеген еді. Көп уақыт өтпей ол Twitter-де расымен де осындай оқиғаны бастан кешіргенін растаған.

 

 

 

Талқылау