Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушылары Мақпал Исабековаға іздеу салды

Желі қолданушылары  әншінің сырт келбетіне өзгеріс енгізіп отыру қасиетін жиі сынайтын. Бірақ бұл жолы оны сағынғандары туралы жазып жатыр.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Естеріңізде болса, осыған дейін әншінінің тыңдармандарының сынына балағаттап жауап қайтарғаны туралы жазған болатынбыз. Ол өз парақшасында алдымен шомылу киіміндегі видеоны жариялап, “қазақтың қызына тән емес, ұят қайда” деген сөздерді өзі жазған. Бұл осы әрекетінен кейін тыңдармандарының өзін қалай сынайтынын алдын ала болжағанымен байланысты болса керек.

5

Әншіні жиі сынайтын тыңдармандар енді оны сағынғандарын жеткізіп жатыр. Өздерінің қолдау тілектерін Исабекованың соңғы суретінің астына пікір ретінде жазған. Қолданушылардың бірі “Сұлу қыз, қайтып орал” десе, екіншісі “Макпал әпке, сіздің ерік-жігеріңізге таң қаламын. Кейбір еркектер жасай алмаймын дегенін жасайсыз. Энергияңыз сарқылмасын, тек қана алға” деп қолдау білдірсе, енді бірі әншіге денсаулық тілеп, ешкімге назар аудармауға кеңес берген. Осылармен мазмұндас пікірлер көп жазылған. 

Әзірге Мақпал Исабекованың тыңдармандарына қашан қайтып оралатыны белгісіз. Әнші көптің сынынан шаршаған сыңайлы.

Мақпал Исабекова желіде мұндай “әдісті” осыған дейін де қайталаған болатын. Бір аптадан кейін қайта суреттерін жариялап, бұрынғы әдетіне басса таң қалмаңыз.

image

Исабекова Инста қолданушыларына “Иди на Х…” деп жазды

Талқылау