Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушылары қос жұлдыздың қайсысы әдемірек екеніне таласты

Әлеуметтік желі қолданушылары қос продюсердің бірдей киім киіп түскен суретін көріп, өз пікірлерін білдірді. Тіпті, қайсысының әдемірек екеніне таласып, өзара бірнеше топқа бөлініп үлгерді.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Танымал продюсер Баян Есентаева Инстаграмдағы парақшасына Әсел Садуақасова екеуінің бір қамзолды киіп түскен суреттерін салып, “Бұл камзолға 10 жыл болды, оны бір кездері Әсел Садуақасова киіп өзінің махаббаты үшін күрескен болатын, енді бұл раритет біздің кеңсемізде өмір сүретін болады” деп жазды.

04

Әнші Әсел Садуақасова да осы суретті салып, астына уақыттың жылдам өтетіндігін, Баян Мақсатқызының уақыт өткен сайын тек жасарып жатқанын жазды. Кей оқырман бұл пікірмен келіспей, Әселдің сүйкімдірек екенін айтса, екіншілері Баян Мақсатқызына ешкімнің жетпейтіндігін тілге тиек етті.

02

Арасында қос әншіге де жақтасып, екеуіне үйленіп алсам деп армандағандар да болды. Камзолды елімізге белгілі дизайнер Аида Кәуменова тіккен екен.

Естеріңізге сала кетсек, дәл осы камзолды Әсел Садуақасова “Мен қолыңдамын” атты әніне бейнебаян түсірген кезде киген болатын.

Талқылау