Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жекпе-жекке шыққан ұлының қарсыласын ұрып жіберген кейуана желі қолданушыларын қайран қалдырды (видео)

Әлеуметтік желіде күрестен өткен сайыстардың бірінде түсірілген видео қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz.

Видео Instagram желісінің ztb_video паблигінде жарияланған. Видеода қартаң әйел күрестен өткен сайыста белдесіп жатқан ұлына көмектесу үшін, бозкілемге шығып кетіп, оның қарсыласын ұрып жібергені байқалады.

Бұл оқиғадан кейін төреші белдесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Сондай-ақ ол жеңісті “жәбірленушіге” береді.

Аталған оқиғаның қайда және қашан болғаны белгісіз.

 

“Сенің жасың қаншада екені маңызды емес. Бастысы ана үшін әрқашан бала болып қаласың”, — деп жазылған видеодағы жазбада.
Оқи отырыңыз: 
Талқылау