Жеке шаштаразы Қайрат Нұртастың ел білмейтін құпиясын ашып қойды

Алматыдағы сұлулық салондарының бірінде жұмыс істейтін Ольга бірнеше жылдан бері Қайрат Нұртастың жеке шаштаразы екен. Қайрат Алматыға келген сайын Ольганың қызметіне жүгінуді әдетке айналдырыпты. Ольга Қайраттың стильге деген талғамы туралы айтып, әңгіме барысында әншінің ел білмейтін құпиясын ашып қойды.

18645453_1447253248914735_2564309360788373504_n

Бұл туралы Ольга 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

Ольганың айтуынша, Қайрат барынша табиғи әрі қарапайым болып көрінетін шаш үлгілерін ұнатады. Жасы 30-ға жақындаған әнші шашына бояу тигізіп көрмепті.

Ал сұлулық салонында Қайратқа арналған VIP бөлме бар болып шықты.

«Қайрат келгенде оның әндерін қосып қоямыз», – деген Ольга Қайратқа арналған орындық пен шаш жуу құрылғысын да көрсетті.

кайратка арналган кресло

«Қазір Қайрат қысқалау шаш үлгісін жасатып жүр. Шаш айырымын да өзгерттік. Бір жағынан оның киіп келген киіміне де қараймыз. Егер джинсы киіп келсе, ұйпа-тұйпа шаш үлгісін жасап береміз, егер классикалық костюм киіп келсе, түзулеп сәндейміз. Барлығы көңіл-күй мен киім үлгісіне байланысты», – дейді Ольга.

Шаштараздың айтуынша, Қайрат үнемі байсалды күйде отырады. Тіпті, көңіл-күйі жақсы болса, ән айтады екен.

«Бәлкім маған сенгендіктен шығар, өз-өзін еркін ұстайды. Бір атап өтетін жайт, ол шашына әртүрлі кондиционер, маскалар жаққанды ұнатады. Шашы жалтырап тұру керек. Әртүрлі лактарды қолданбаймыз. Қасын термейді, бірақ шашына қатты мән береді», – дейді Ольга.

Қайраттың шаш үлгісі 4 мың теңге тұратын болып шықты. Шаштараздың айтуынша, танымал әнші ешқашан жеңілдік жасауды сұрамайды екен.

«Біз, тіпті оған жеңілдік ұсынғанбыз, бірақ ол бас тартты. «Ел қатарлы қызмет ұсыныңыз» деді. Үнемі ақшаны қолма қол төлейді», – дейді әншінің жеке шаштаразы.

Бір қызығы, әнші мұнда жай шашын жудыруға да келеді екен. Бұдан өзге, Ольга Қайраттың сұлулық салонында шашын ғана емес, тырнағын да ретке келтіріп, маникюр жасатып алатынын айтып қойды.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергенов саяси білімінің төмен екенін айтты

Қайрат Нұртас әндерін түрік және ағылшын тілдеріне аудармақ

Қайрат Нұртас өзін Димашпен салыстыратындарға жауап берді

Қайрат Нұртас: Арманым – Астанадағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде азан шақыру

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар