Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жедел жәрдем дәрігері науқастардың кесірінен бірнеше рет өмірімен қоштаса жаздаған

Заңғар есімді Алматы қаласының тұрғыны жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеп жүріп, талай мәрте өз өміріне қауіп төнгенін айтады. Тіпті дәрігер болуды бала күнінен армандаған қыз балалар арасында, жедел жәрдемде жұмыс істеп жүріп, бұзақыларға зорланғандары да болыпты.

Жедел жәрдем дәрігері науқастардың кесірінен бірнеше рет өмірімен қоштаса жаздаған

Дәрігер мамандығы бойынша білім алып, ерте бастан жұмысқа араласпақ болған азамат басынан өткен қызықты әрі өте қауіпті жайттарды Stan.kz тілшісіне айтып берген еді.

-Заңғар, жедел жәрдемде қанша уақыт жұмыс істедіңіз?

-Мен студент кезімнен бастап жұмысқа араласқым келді. Әрі өз мамандығың бойынша тәжірибе жинайсың, оған қоса айлық болады. Бұл жұмыс біз ойлағаннан да қауіпті әрі жауапты болып шықты. Алғаш жедел жәрдемдегі жұмысымды бастаған кезімде бірінші Алматы жақтан қоңырау түсті. Дәрігерден жалғыз өзім болдым.

Жүргізушіге «күте тұрыңыз» деп үйге кіріп кеттім. Кіргенім сол іштегі адам басыма орындықпен ұрып құлатты. Оянсам көлікте екенмін. Шықпай кеткеннен кейін жүргізуші іздеп келіп құтқарған. Сол жылдары жедел жәрдемнің өзімен алып жүретін дәрі қорабында морфин болатын. Қазір оны қажет болған жағдайда ғана алады, былайша тыйым салынған. Нашақорлар мен ішкіштер дәрігер шақыртып, күш қолдана отырып сол дәріні тартып алуды әдетке айналдырған екен. Сол кезде өзім бірнеше уақыт емделдім. Жазылғаннан кейін тағы жұмысқа шықтым. Бәрін қосқанда 2,5 жыл жұмыс істеген шығармын.

-Осы жағдайдан кейін «жұмысты ауыстырайын, өз өміріме қауіп төндірді» деп ойламадыңыз ба?

-Енді олай да ойладым. Бірақ, қандай жұмыс болсын адам өміріне қауіп төндірмей тұрмайды ғой. Бір рет сондай жағдай болып қалған шығар, қайталана қоймас деп ойладым. Курстастар арасында мұндай жағдайлар туралы көп сөйлесіп, тәжірибе алмасатынбыз. Бір –бірімізді абай болуға шақырып. Бір оқиға болды, тіпті жаман.

Қоңырау шалып көмек сұрағандарға жедел жәрдеммен жас студент қыз барған. Бұзақылар жабылып дәрігер қызды зорлап тастапты. Кейіннен ол группаласымыз оқуды да тастап кетіп қалды. Мұндай кезде қылмыскерлер ұсталады. Дегенмен, бір адамды жазым етіп болғаннан кейін, ештеңені кері қайтару мүмкін емес. Осының барлығын көре тұра емделіп алып, жұмысымды қайта жалғастырдым.

-Кейіннен бәрібір жұмысты тастап кеттіңіз, оған не себеп болды?

-Ия, жедел жәрдемдегі жұмысты тастадым. Бірде ауыр жағдайдағы науқасты жылдамдатып отаға жеткізу керек болды. Алматының көшелері әдеттегідей кептеліс. Көліктегі науқас хал үстінде жатыр, жүргізушіге «қалайда тез жеткізу керек» дедім. Осыдан кейін бірнеше жол қиылысын жедел жәрдем көлігінің дауыс зорайтқышын қоса отырып өтіп алдық.

Қарсы бағытқа шығып алып жүрдік. Бағдаршамға жеткенде үлкен жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік бізді соқты. Көлігіміз аунап түсті. Сол кезде науқасымыз тіл тартпай қайтыс болды. Өзіміз де айтарлықтай жарақаттандық. Бірнеше уақыт емделгеннен кейін, өзім де көлікке отыруға жүрексініп қалдым. Ата-анам да ауруханада жүріп істейтін жұмысқа ауысуымды талап етті.

Университеттегі оқуын бітірмей тұрып осынша ма өмірілік тәжірибе жинаған Заңғар Зурман осындай жағдайлардан кейін білім алуын тағы жалғастырған. Әрі жекеменшіктегі емханаларда жұмыс істеген. Ендігі арманы -өзінің емханасын ашу.

Талқылау