Жазира Жаппарқұлға өлең арналды

Бейсенбі, 11 Тамыз , 2016 13:12

Рио-2016 Олимпиадасында ауыр атлетикадан күміс жүлде иегері Жазира Жаппарқұлға  өлең арналды.
жазира
К ү м і с   С Ы Р Ғ А

Бүгінгі түн керемет нұрланғандай,

жасырынып жүрекке жыр қалғандай.

Жазиражан, Жазира, Жазира қыз,

Ай астында жарқ еткен сырғаң қандай?!

Қазағыңа жымиып жүріс қылған,

Алтынды да менсінбей ығыстырған,

Қиық айға керемет ұқсайды екен,

Құлағыңда тербелген күміс сырғаң.

Оң қолыңда шәйіңнің шыныаяғы,

Оны ұстаған қолың да тым аялы.

Көлеңкесін күмістің сағалаған,

Бриллианттар «жұмыссыз» мұңаяды.

Махаббатқа болмайды мұң жиюға,

Алтын кетті алқаптан гүл жиюға.

Қола медаль жүр әне, кезек күтіп,

Күмісіңнің қолына су құюға.

Елден ерек білдіріп ептілігін,

Күміс күлкің сыңғырлап жетті, күнім.

Бас айналып барады, бас айналып,

Бүкіл дүние күміс боп кетті бүгін..!

Марат Маманбай

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Асем says:

    Жарадың жазира ! Мен сені мақтан тұтамын. Теледидарға телміріп қарап , сенің жеңісіңді тілеген жанның бірімін .Жеңісің құтты болсын ! Денсаулығың зор болсын өмірің ұзақ та бақытты болсын

  • Анонимно says:

    Жарайсың Қазақтың Жазирасы. Өте қуаныштымыз. Алдағы жарыстарда алтын əкеліп еліңді тағы бір мəрте қуантатыныңа сенемін! Алға Жазираааа!!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар