Жазира Жаппарқұлға өлең арналды
Рио-2016 Олимпиадасында ауыр атлетикадан күміс жүлде иегері Жазира Жаппарқұлға өлең арналды.

К ү м і с С Ы Р Ғ А
Бүгінгі түн керемет нұрланғандай,
жасырынып жүрекке жыр қалғандай.
Жазиражан, Жазира, Жазира қыз,
Ай астында жарқ еткен сырғаң қандай?!
Қазағыңа жымиып жүріс қылған,
Алтынды да менсінбей ығыстырған,
Қиық айға керемет ұқсайды екен,
Құлағыңда тербелген күміс сырғаң.
Оң қолыңда шәйіңнің шыныаяғы,
Оны ұстаған қолың да тым аялы.
Көлеңкесін күмістің сағалаған,
Бриллианттар «жұмыссыз» мұңаяды.
Махаббатқа болмайды мұң жиюға,
Алтын кетті алқаптан гүл жиюға.
Қола медаль жүр әне, кезек күтіп,
Күмісіңнің қолына су құюға.
Елден ерек білдіріп ептілігін,
Күміс күлкің сыңғырлап жетті, күнім.
Бас айналып барады, бас айналып,
Бүкіл дүние күміс боп кетті бүгін..!
Марат Маманбай
Талқылау

"Отаға 33 миллион теңге қажет": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлер кесар тілігін жасап, қуығын тесіп жіберді деп айыптады
Дәрігерлер өздерін қорғау үшін әйелдің медициналық картасын жарияламақ болған

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
Қазақта балалы үйге қай уақытта қонақ бармағанын этнограф Бұлбұл Кәпқызынан сұрап білдік