Жазира: Жанболат мені 20 жылдан кейін ғана еркелете бастады

Бейсенбі, 3 Тамыз , 2017 10:16

Алғаш келін болып түскенде, қайын жұртына үйренісе алмай, жылаған күндері туралы Жазира Байырбекова бұған дейін де бірнеше рет айтты. Тіпті, Жанболаттан таяқ жегенін, оны өзінің тілінен тапқанын да жасырмады.

20482090_154397168471406_7889633130640834560_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Есесіне қазір Жанболат Жазираны алақанында ұстайды. Бұл туралы Байырбекованың өзі айтып берді.

“Жаңадан үйленген жылдары күйеуім маған қаталдау болды. Әр сөзіме, әр ісіме мұқият болуымды қадағалады. 20 жыл өткен соң ғана еркелете бастады. Қазір мен ерке келіншекпін. Отбасыларыңыз туралы жазыңыздаршы. Әңгімелесейік! Білмегенімізді бір бірімізден үйренейік… Әр шаңыраққа бақыт тілейміз!” – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Ал желідегілер мұндай жағдайдың көптеген отбасыларда болатынын айтып жатты.

“Баланы жастан, әйелді бастан” дейді. Мүмкін басында осыны ұстанатын шығар. Басында менің де жолдасым қатал қарайтын еді, қазір бір-бірімізді көзбен-ақ түсінеміз ғой”, “Əрине, басында оңай болған жоқ. Аллаға шүкір, уақыт өте, жылдан жылға жақсы ғой. Аллаға шүкір, отасқанымызға 8 жылдан асты”, “Басында иә қатал болды, қызғаныш болды. Кейін уақыт өте келе бəрі орнына келеді екен. Əйел сол еркектің басында қатал кезіндегі саған тыйым салған жерлерін ұстауға əдет болып кетеді. Кейін мінезі өзгеріп жіби бастайды. Бірақ мен күйеуімнің қатал мінезінен ешқандай зиян шеккен жоқпын. Казіргі таңда Аллам бере салған 5 баламыз бар баққытымын. Еркелетіп жанынан артық жақсы көреді”, – деп жауап берді олар Жазираға.

Жіберіп алмаңыз:

Қайраттың әнін гитарамен орындаған бүлдіршін Гүлзира Айдарбекованы тәнті етті (видео)

Сүйіктім шебер аспаз: Карина Абдуллина тағы да желіні шулатты

Босанғаннан кейін 20 келі қосып алған Қарақат арықтауға бел буды

Асхат Садырбай экс-жұбайы Ерке Есмаханның әнін тыңдап жүр (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар