Жазира Байырбекова туған ағасының өзіне ренжігенін білмейтін болып шықты

Бұған дейін сазгер Ербол Байырбеков қарындасы Жазира Байырбекованың бір сөзін ұмыта алмай жүргенін айтып, ренішін жеткізген еді. Алайда Жанболаттың Жазирасы туған ағасының өзіне ренжігенін білмейтін болып шықты. Бұл орайда әнші журналистерге назын айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Жазираны туған ағасы сазгер Ербол Байырбеков жамандады деп инстадан, сайттардан жазбалар жазып, жекеге “жеңіл жолмен танылу үшін қарындасын жамандаған” деген сияқты ағамды даттаған түрлі xаттар келіп жатыр. Анамның денсаулығы үшін, қазақ жастарының тәрбиесі үшін маған мұндай пияр керек емес.
Ағамның мен туралы айтқанын көрмедім, естімедім. Кеше кездескенде де ештеңе айтпады. Ылғи жаңа әнін “орындасаңдар”деп жіберіп тұрады. Осы жөнінде тағы да сұрақтарыңыз болса Ерекеңнің өзіне қоюларыңызға болады”, – деп жазды Байырбекова инста-парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Ербол Байырбеков қарындасының ерке болып өскенін, бір адамдай мінезі бар екенін “Ел аузында” бағдарламасында айтқан еді.

“Жұлдыз боп жанған, қошеметке көп ие болған адам өзгереді. Кейде, айтып жібергеніңді білмей қалатын кездер болады… Мен ұмыта алмайтын, артық кеткен сөзі болды. Уақыты келгенде, кейін айтамын өзіне. Жұлдыз боп жарқырап жүрген кезде адам пенде ғой білмей қалады “, – деген еді ол.

Оқи отырыңыз: 

Тамара Асардың ұлы Франция сахнасында домбыра тартты

Алмас Кішкенбаев ажырасқаннан кейін мұңға батты

Дуэт болған Ақбота мен Қуандық Рахым әннің сөзін ұмытып, сахнада тоқтаусыз күлді (видео)

Танымал әнші қазақ күйеуінен қалай таяқ жегенін айтып берді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар