Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова: Арзан көйлек киюге ұяламын

Жазира Байырбекова “ұят” ұғымының өзі үшін не білдіретінін айтты. Ол өнер адамы болса да, билеуге ұялатынын мойындады. Бұл қасиет Жазираның бойында бала күнінен бар көрінеді. Сондай-ақ, әнші саудаласуға, қыздармен бірге моншаға баруға және тағы да басқа көптеген дүниелерден қысылатынын жеткізді, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Жазира Байырбекова: Арзан көйлек киюге ұяламын

“Үйім жиналмай тұрса біреуді кіргізуге ұяламын. Денеме жабыстырып көйлек киюге ұяламын. Мектепте, студент кезімде билеуге ұялатынмын. Дискотекаға да барып көрмегенмін. Өзімнен үлкеннің көзінше баламды еркелетуге ұяламын.

Ұлыма аяғым ауыр кезімде төркініме қыдырып барып (күйеуім бола тұра) ішімнің шығып қалғанын әкеме, ағаларыма көрсетуге ұялатынмын.

Жаңадан үйленген кездері жалақыны кешіктіріп, ішерге тамағымыз болмай қалған күндері жақын жерде тұратын бауырыма білдіртуге ұялатынмын.

Үлкен кісілерге күйеуімнен бұрын барып амандасуға ұяламын. Мен туралы өтірік өсек айтқан адамға барып,”неге олай айттың?” деуге ұяламын. (мүмкін оны ұялтуға аяйтын шығармын)

Бастаған ісімді аяқсыз қалдыруға ұяламын. Саудаласу сүннет дейді. Бірақ мен саудаласуға ұяламын. Қыздармен бірге моншаға баруға да (аздап) ұяламын. Өзімнің жаныма жақын әндерді айтқанда ғана ұялмаймын. Саxнаға, xалықтың алдына арзан көйлекпен шыға салуға ұяламын.

Бір қызығы 4-5 адамның алдында ән айтуға ұяламын. Маған 50-100-10000 адамның алдында ән айтқан оңай”, – дейді Жанболаттың Жазирасы.

Желі оқырмандары бұл нағыз ибалы қазақ қыздарына тән қасиет екенін айтып, әншіге риза болды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау