Жазда Алматыдан үйді қазіргіден 20% арзанға сатып алуға болады

Дүйсенбі, 12 Маусым , 2017 16:26

Алматыдағы тұрғын үй нарығындағы ұсыныстың орташа бағасы шаршы метріне 339,6 мың теңгеге дейін төмендеді. 

ыы-768x432

Нәтижесінде жылдық арзандау деңгейі 7-8 пайызды құрап отыр. Егер осы қарқын сақталатын болса, техникалық сараптама нәтижесі көрсеткендей, шаршы метрдің бағасы 320 мың теңгеге дейін төмендеуі ықтимал, деп жазады naryk.kz.

Aristan Group басқарма төрағасы Бақытбек Қатеннің айтуынша, жаңа үйлердің бағасына әрқашан халықтың төлем қабілеті әсер етеді.

“Қазіргі таңда нарықта сұранысқа қарағанда ұсыныс көп. Және олардың барлығы ірі компаниялардан келіп түсіп жатыр”, – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің беретін үйі мен мемлекеттік бағдарламалар және ипотекалық несиені субсидиялаудың пайда болуы нарыққа айтарлықтай әсер еткенімен, бағаға өзгеріс бере қоймады. Дегенмен, жаздың соңы, күздің басына қарай баға тағы төмендеуі ықтимал.

Ал қайталама нарықтағы үйлерге келер болсақ, мұндағы бағы тағы 5 пайызға дейін арзандауы тиіс.

Айта кетейік, халықтың нақты төлем қабілетін ескере отырып есептегенде, қазір нарықтағы ең оңтайлы баға қазіргі бағадан 20 пайызға аз болуы тиіс.

Ал “Центр оценки” компаниялар тобы серіктесі Бауыржан Бекетаевтың айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар нарықтағы сұранысты арттырып, бұл өз кезегінде қайталама нарықтағы үй бағасының 10 пайызға дейін азаюына әсер етпек. Жыл басынан бері бағаның айтарлықтай азайғанына қарамастан жыл соңына дейін тағы арзандаушгылық байқалмақ.

Сарапшылардың пікірінше, қазір үй сатып аларда бағаны 20 пайызға дейін төмендетуге болады. Өйткені, сұраныстың аздығы мен ұсыныстың көптігінен пәтер сатушылар бағаны 20 пайызға дейін түсіруге келіседі.

Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-мамыр аралығында жылжымайтын мүліктегі сауда келісімі саны 90,2 мыңды құрады.  

Мамыр айының өзінде келісімшарт саны 20,1 мыңға жетіп, өткен айдан 3,8 пайызға артқан. Ал өткен жылдың осы уақытындағы көрсеткішпен салыстырғанда 27,5 пайызға артық.

Ең көп сауда Алматыда (2,9 мың), Астанада (2,6 мың) және Қарағанды облысында (2 мың).

Сатылған жылжымайтын мүліктің 13,4 мыңы пәтер болса, 6,7 мыңы жеке үйлер.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанның кей өңірінде 38 градусқа дейін күн ысиды

Қазақстанда диплом жазатын студентті оқытушылар қалай «бопсалайды»

Павлодарда бір топ жігіт екі азаматқа жабылған төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар