Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасөспірім энергетикалық сусынның кесірінен көз жұмды

Оңтүстік Каролина штатының 16 жастағы тұрғыны құрамында кофеин көп энергетикалық сусындарды бірінен соң бірін өте жылдам ішкеннен кейін көз жұмды.

Жасөспірім энергетикалық сусынның кесірінен көз жұмды

Қайғылы оқиға сәуір айында мектептегі сабақ кезінде болған. Дэвис Крип кенет есін жоғалтып, қайтыс болған. Сараптама анықтағандай жасөспірім “Макдоналдстан” латте, одан кейні Mountain Dew сусынын сосын бір энергетикалық сусын ішкен. Ол үш бірдей сусынды екі сағат ішінде тауысқан.

Салмағы 90 келі болатын 16 жастағы жігіт бұрын жүрек ауруымен ауырмаған және дәрігер есебінде тұрмаған.

“Мәселе сусын құрамындағы кофеинде емес, мәселе жасөспірімнің сусындарды өте жылдам ішіп қойғанында”, – дейді дәрігер Гарри Уоттс.

Америкалық педиатрия академиясының айтуынша, энергетикалық сусын құрамындағы қоспалар балалар үшін сынақтан өткізілмеген. Сол себепті олардың аталмыш сусындарды ішу кезіндегі қауіпсіздігіне ешкім де кепілдік бере алмайды. Академия мәліметінше энергетикалық сусын құрамында үш қасық кофе мен 14 шай қасық қантқа тең қоспа бар. Осы тұрғыдан алғанда жасөспірім екі сағатта 470 мг кофеин қабылдаған.

 

Талқылау