Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасанды бөксе үшін: Сұлулық байқауына қатысқан қыздар бір-бірімен төбелесіп қалды (видео)

Бразилияда жыл сайын өтетін Miss BumBum 2018 сұлулық байқауында қатысушылар бір-бірімен төбелесіп қалды. Аталған байқу шарты бойынша, қай арудың бөксесі әдемі болса, сол жеңіске жетеді.

Жасанды бөксе үшін: Сұлулық байқауына қатысқан қыздар бір-бірімен төбелесіп қалды

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Байқау соңында жеңімпаз анықталғаннан кейін Алини Ува есімді қатысушы жүгіріп шығып, бірінші орын алған ару Эллен Сантананың кеудесіндегі таспаны жұлып алды. Артынша ол жеңістің өзіне берілуі керек болғанын айтты. Себебі оның бөксесі Сантатанікіне қарағанда табиғи әрі үлкенірек екен.

«Мен жеңімпаз қыздың таспасын жұлып алдым. Себебі бұл атаққа мен лайық едім. Мен мұнда нағыз бразилиялық бөксені көрсеттім. Оны менен ешкім тартып ала алмайды. Ал үздік үштіктен көрінген қыздардың бөксесі жасанды. Ол – таза силикон. Бұл әділетсіз», – дейді Алини Ува.

Ал сайыста жеңімпаз атанған Сантананың уәжі бөлек.

«Ол менің таспамды алып алды. Бірақ атағымды ала алмайды. Мен бәрінен көп еңбектеніп, жеңіске лайық болдым. Себебі менің бөксем әдемірек. Жеңімпаздар жеңіле білуі керек. Уваның орнында болсам, жеңілгеніме мұнша күйіп-піспейтін едім», – дейді Сантана.

Miss BumBum байқауы Бразилияда сегізінші рет өтіп отыр. Оның шарты бойынша, бөксенің көлемі мен пішінін өзгерту үшін пластикалық хирургияға жүгінуге тыйым салынады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау