Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйленген соң тікұшақпен қыдырмақ болған жас жұбайлар мерт болды

Некесін қиған студенттер апаттан көз жұмды. Олар отырған тікұшақ жарылды.

Оқиға 4 қараша күні Техаста болды. Уилл Байлер мен Бейли Экерман үйлену салтанатынан соң тікұшаққа отырады. Салтанатты шара өткен жерден 1,5 шақырым қашықтықта жас жұбайлар отырған тікұшақ құлайды.

Апаттан тікұшақ пилоты да қаза болған. Жас жұбайлардың тікұшақпен қайда бармақ болғаны белгісіз.

2017 жылдың қаңтар айында Мадагаскарда той кортежінің апатөа ұшырауына 40-тан аса адам мерт болған еді. Олардың ішінде жас жұбайлар да бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау