Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас жігіт мешітте жамағатқа Елбасын қолдау туралы ұран тастаған (видео)

Шымкент қаласындағы орталық мешітте екі жігіт жамағатты жинап, президентті қолдауға шақырған. Жамағат ортасында тұрған жас жігіттің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдауға шақырып, ұрандатқан видеоролик әлеуметтік желіде пайда болды.

мешіттегі жігіт 1508

“Нұрсұлтан!”, — деп ұран тастайды видеода жас жігіт. “Қазақстан”, — деп қосыла дауыстайды мешітке жұма намазға жиналған жұрт.

Бұл видеодағы оқиғаның мән-жайы туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне ОҚО орталық мешітінің наиб-имамы Еркебұлан Қарақұлов айтып берді. Наиб-имам сол күні жұма намазын өткізген.

Имамның айтуынша, бұл жарты жыл бұрын түсірілген видео екен.

“Бұл оқиға биыл 20 қаңтарда болды. Жас жігіт маған келіп, хадис айтатынын, соны видеоға түсіруге рұқсат сұрайды. Бізде бейнероликтер түсіреді, туристер келіп жатады, біз рұқсат береміз. Мен қоғам үшін пайдалы іс деп ойладым. Ол жамағатты жинауды сұрады. Жұма намазынан кейін микрофондарды жинап қайтып келсем, ол халықты жинап үлгеріпті. Мен ұрандарды естіген кезде, мені алдап кеткенін түсіндім. Мен бірден араласып, оның дұрыс жасамағанын айттым. Мешіт саяси жиындар өтетін жер емес, бізде ондайға қатаң тыйым салынған”, — деп әңгімеледі Қарақұлов.

Имамның айтуынша, бұл жиынды екі адам өткізген, екіншісі видеоға түсірген.

“Ол “Бұл дұрыс қой, біз президентімізді қолдауымыз керек” деді. Менің еш қарсылығым жоқ, бірақ мешітте ондай нәрселерді өткізуге болмайды”, — дейді ол.

Наиб-имам жігіттерден видеоны интернетте жарияламауды сұраған. Олар уәде берген, бірақ сөздерінде тұрмады.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да тауға кеткен 2 азамат жоғалып кеткен

Денесін күйік шалған қазақ қызына Кореяда пластикалық ота жасалатын болды

Құрттаған 35 мың тонна қарбыз тексерістен өтпеген болуы мүмкін

Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен Air Astana жолаушысына айыппұл салынған (видео)

Талқылау