Жас маман намаз оқып, басына хиджаб таққаны үшін жұмысқа тұра алмай жүр

Сәрсенбі, 3 Тамыз , 2016 21:48

Ақтөбеде жас маман намаз оқып, басына хиджаб таққаны үшін жұмысқа тұра алмай жүр. Мұғалімдік мамандықты тәмамдағанымен, мектептер маңына жолатар емес дейді қыздың әкесі.

 

193836-INNERRESIZED600-600-12_Germanhighcourtliftshijabban

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қолында дипломы да, жолдамасы да бар, бірақ жұмысы жоқ Алтынгүл Сәрсенованың әкесі бүгін арнамыздан көмек сұрауға мәжбүрмін дейді. Өйткені қызы Алтынгүлдің хиджаб кигені күшін қызметке орналаса алмай жүргені жанына батқанын айтады. Арыстанбек Сәрсеновтің айтуынша, қызы Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің биылғы түлегі. Мамандығы бастауыш сынып мұғалімі. Көктемде аталған оқу орны қалалық білім бөлімімен бірлесіп, түлектердің арасында жұмыс жәрмеңкесін өткізген. Жәрмеңкенің арқасында Алтынгүл қаладағы №22 орта мектепке жолдама алған. Бірақ жұмысқа орналасуға барған Алтынгүлді мектеп басшысы “Орамалыңды шешкен соң келерсің” деп шығарып салған дейді әкесі.

“Мен 21 июньде өзім, директорға, мектеп директорына өзім бардым, өзім сөйлестім. Мектеп директоры маған басқаша жауап берді. Қызыма орамал шеш деді, маған жауабымен алатын едім, бірақ қазір бұрын істеген декретныйда болды, менің адамым сол қайта жұмысқа шықты, сол үшін мен ала алмаймын деді. Декретныйдан шыққан адам, мен оны жұмыстан шығара алмайм деді. Бөлек болды жауабы қызыма былай деді маған былай деді”, – дейді Алтынгүл Сәрсенованың әкесі Арыстанбек Сәрсенов.

Осыдан соң Алтынгүлдің әкесі қалалық білім бөлімі басшысына барғанын айтады. Алайда онда қаладағы бір де бір мектепте дәл қазір бос орынның жоғын айтып, шығарып салды дейді. Амалы таусылған әке прокуротурадан көмек сұрап, арызын жазыпты. Ал қалалық білім бөлімі жағдайды басқаша түсіндірді. Мамандардың айтуынша, қалалық білім бөлімі де, мектеп директоры да олардың кеудесінен итермеген. Жолдамасы бар түлек міндетті түрде жұмысқа орналасады.

“Мен бүгінгі таңда кімнің не айтқанын айта алмаймын, бірақ бүгінгі таңда бөлініп келген түлек міндетті түрде бөлінген мекемесіне жұмысқа тұрады деп сізге сондай мәлімет бере аламын”, – деді қалалық білім бөлімі кадр бөлімінің бас маманы Айнұр Жасақбаева.

Қалалық білім бөлімі Алтынгүлдің мәселесін толықтай қанағаттандырамыз деп отыр. Яғни жолдама берілген мектепке барады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар