Жас қызбен бидің түбін түсірген танымал қазақ ақыны көпшілікті таңғалдырды (видео)
Филология ғылымдарының кандидаты, танымал ақын Серікзат Дүйсенғазин қалың көпшілікті тағы бір талантымен таңғалдырды. Қаламгер тойлардың бірінде биші қызбен бірге заманауи бидің түбін түсірген, – деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сырт көзге салмақты да байсалды болып көрінетін ақыннан көпшілік мұндайды күтпесе керек-ті. Желі қолданушылары Дүйсенғазиннің биіне таңырқап қалғандарын жеткізді.
Ал әріптесін жаңа қырынан танытқан – ақын Қалқаман Сарин.
“Серікзат ағам супер билейді”, “Жас қызбен билеп мәз”, “О қандай жарасымды! Бірнеше рет қарадық қайталап, құданы билеткен той құтты болсын!” – деп тамсанды желі оқырмандары.
Алайда Instagram фолловерлері арасында мұндай қылық ел алдында жүрген ақынға жараспайтынын айтып, сынағандар да бар.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты