Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас әкім туралы қазақстандық фильм Роттердамдағы фестивальге қатысуда

6 мың долларға түсірілген қазақстандық «Қаратас ауылындағы дүрбелең» атты фильмін режиссер Әділхан Ержанов пен продюссер Серік Әбішев«Партизандық кино» қозғалысы аясында түсірген.

iEQeWszFboc_snr5-1000x600
Бұл туралы Time.kz хабарлайды.
«Қаратас ауылындағы дүрбелең» атты толық метражды фильм — режиссер Әділхан Ержанов пен продюссер Серік Әбішевтің «Партизандық кино» қозғалысы аясында түсірген бірлескен жұмысы. Кино шалғай ауылға келіп, өз тәртібін орнатуға тырысқан жас әкім жайында. Айта кетерлігі, фильм «Сорос-Қазақстан» қорының грантымен түсірілген.
Осындай шамалы қаржымен түсірілген фильмнің А сыныбындағы фестивальға қатысуы «Партизандық» қозғалыс үшін маңызды. Яғни, мұнда фильм бюджеті ғана емес, кинематографтың әлеуеті де ескеріледі.
Еске салсақ, Әділхан Ержановтың сценарийі бойынша Жасұлан Пошановтың осындай партизандық «Шлагбаумы» Мәскеу халықаралық кинофестиваль байқауына қатысқан, онда басты рөлді сомдаушы Еркебұлан Дайыров үздік актер ретінде жүлде иеленген.
Талқылау