Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Жарты сағат жылап, абдырап қалды”: 19 жыл бұрын жоғалып кеткен қазақстандық әйел Тәжікстаннан табылды

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері Тәжікстан астанасынан 19 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді тапты. Бұл туралы ведомство өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Жарты сағат жылап, абдырап қалды": 19 жыл бұрын жоғалып кеткен қазақстандық әйел Тәжікстаннан табылды

Сурет: Көрнекі сурет

Қаңтар айының басында сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловқа атыраулық депутат 19 жыл бойы қызын іздеп жүрген әйел туралы айтқан еді. 19 жыл бұрын 16 жастағы қыз Тәжікстан азаматына ғашық болып қалып, мектеп бітіре салысымен онымен бірге Душанбеге кетіп қалған, деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Біздің елшілік көлемді жұмыс жүргізді. Қолымызда 19 жыл бұрын түсірілген сурет қана болды және есімінің Әсел екенін білдік. Бір ай бұрын оны Душанбедегі елшілер тапты», – дейді Смадияров.

Тәжікстандағы қазақстандық консул көлікпен кетіп бара жатып, жолдың шетінен іздестіріліп жатқан қызға ұқсас әйелді көріп қалыпты. Әйел қазақ тілінде сөйлей алмайды. Алайда орысша сөйлеп, өзінің есімі Әсел екенін айтқан.

«Біздің елші оған фотосуреті мен туыстары туралы видеоны көрсетті. Ол жарты сағат жылап, абдырап қалды. Өзімен не болып жатқанын ұқпады. Оны елшілікке алып келіп, қайтар билетіне ақша жинап беріп, Қазақстанға қайтуы үшін куәлік табыстадық. Ол өткен жұмада Душанбе-Алматы-Атырау бағыты бойынша ұшып келді. Қазіргі уақытта туыстарының жанында», – дейді ведомство өкілі.

Әсел 19 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген. Ол өзінің тәжікістандық күйеуімен ажырасып кеткен екен. Бүгінде атыраулық билік оған құжаттарын рәсімдеуге көмектесіп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр