Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарты сағат ілініп тұрды: Павлодарда 6 жасар қыз көпқабатты үйдің балконынан құтқарылды (видео)

Павлодарда тұрғын үй кешенінің тұрғындары төртінші қабаттың карнизінде 6 жасар қыздың ілініп тұрғанын хабарлады. Оқиға туралы ақпарат бүгін Instagram-дағы “Типичный Павлодар” тобында жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Қыз балконға шығып, жарты сағат бойы карнизге ілініп тұрған. ТЖД қызметкерлері оны құтқарып қалды. Ал кездейсоқ адамдар кілем төсеп, дайындалып тұрды”, – дейді оқиға куәгері.

Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып полицейлер келген. Олардың бірі кішкентай қызбен байланысып отырды.

Бұл уақытта тұрғындар қыз құлап кеткен жағдайда аман қалсын деген оймен жерге кілем төсеп үлгерді.
Ал құтқарушылар баспалдақ орнатып, қыздың үйіне кіруіне жағдай жасады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау