Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жартасқа құлаған ұшақ ішінде болған оқиғаның видеосы жарияланды (видео)

Түркияның Трабзон қаласы әуежайының ұшып-қону жолағынан жолаушылар ұшағы шығып кетті. Ұшақтың жартасқа құлаған суреттері жарияланды. Апат кезіндегі борт ішінде болған жағдай видеоға түсіп қалды. Видеосы YouTube желісінде пайда болды.

Фото: Long Room

Видеода әбден қорқып қалған адамдар ұшақтың апаттық жағдайдағы есігінен қалай шығып жатқанын көруге болады. Жолаушылардың айқайлаған дыбыстары мен балалардың жылағаны естіледі.

DHA агенттігінің хабарлауынша, апаттың себебі қозғалтқыштың істен шығуынан болуы мүмкін. Ұшақтың оң жақ қозғалтқышы істен шыққасын, ұшқыш сол жаққа бұрылып, көлбеу бұрышқа қарай жүргізген.

Еске сала кетейік, оқиға 14 қаңтарда Түркияда Pegasus әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Анкарадан ұшып келген Boeing 737-800 ұшағы Трабзон қаласы әуежайының ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, Қара теңіздегі жартасқа қарай құлады. Ұшақ бортында 168 адам болды. Апаттан зардап шеккендер жоқ.

Тағы оқыңыз:

Атышулы “Қалаулым” бағдарламасын жүргізген Зарина Омарова сынға ұшырады

Голливудта әйелімен бал айын өткізіп жатқан шенеуніктің әрекеті тексерілмек

Тағы бір жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбіттің әнін еншілеп алды (видео)

Карина Абдуллина: Әдемі еркектерге көз тігіп, ұятты ұсыныстар білдіруге құқым бар

Талқылау