"Жарысып алып жатыр": Қайрат Нұртас Шымкенттің құрметті азаматы атанды
Қайрат Нұртас Шымкенттің құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесіне қаланың құрметті азаматы атағын беруге Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалалық маслихатқа ұсыныс білдірген.
Басшының ұсынысын ел ағалары құп көрген. Қала күніне орай бүгін болатын мерекелік шарада Қайрат Нұртасқа "Құрметті азамат" атағы берілетін болады.
Өнер иесінің өзі атақ алатынын жайлы білетіні белгілі болды. Бірақ Қайрат Нұртастың қаланың құрметті азаматы атануы жұртқа ұнамай қалған. Олар желіде өз пікірлерін ашық жазып, наразылықтарын білдірді.
"Өз қалтасын толтыра бермей, қаламызға бір пайдасын тигізер", "Қандай еңбегі үшін атақ бермек?", "Осы атақ қандай пайда алып келеді?", "Бәрі жарысып алып жатыр", - деп жазды желідегілер.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі