"Жәрдемақыға құжат тапсыруға келді": ХҚКО-да өріп жүрген қойлар жұртты күлдірді (видео)
Қарағандының Ұлытау ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына қойлар кіріп кеткен. Орталық қызметкерлері олардың ғимаратқа қалай кіріп кеткенін байқамай қалған екен.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Желіде 5 ұсақ малдың ХҚКО ғимаратына кіріп кеткен видеосы тарады. Қызметкерлер ашық жатқан есіктен олардың қалай кіріп кеткенін байқамапты.
«ХҚКО-ға қызмет алуға келіпті», - дейді видео авторы.
Ұсақ малдың Халыққа қызмет көрсету орталығына келгенін желі қолданушылары неше түрлі әзілге айналдырып жатыр. Бірі «олар жәрдемақыға құжат тапсыруға келді» десе, енді бірі «өздерін Құрбан айтқа шалмауын өтініп келген» деп жазады.
Ал ресми түсініктеме берген мамандар сол күні мемлекеттік қызметкерлер құжат қабылдаумен әлек болғанын айтады.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі