Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаратушы аян берген 69 жастағы қария 18 жылдан бері орманда үңгір қазып келеді (фото)

Сальвадор мемлекетінің тұрғыны Сантьяго Санчезаның бұл іспен айналысып келе жатқанына 18 жыл болған екен. Бүгінде 69-ға келген қарияға сол кезде Жаратушы аян беріп,күніне 40 келі топырақ қазуды бұйырған көрінеді-мыс.

xlarge

Содан бері жер қазу жұмыстарын күнделікті жалғастырып келе жатқан Санчез әзірге қандай мақсатпен қазып жатқанынын өзі де білмейді, деп жазады Muslim.kz.

Бірақ, «Құдайдың бұйрығына қарсы келместен», жерасты үңгірін қазуды күн сайын жалғастырып келеді. Бір қызығы, үңгірдің бүгінгі таңдағы нақты ұзындығын Санчезден басқа ешкім білмейді. Қызығушылық танытып, төменге түсіп көрген тілшілер 100 метр төмендеген соң оттегінің жетіспеуінен кері қайтуға мәжбүр болған. Ал, Санчез шұңқыр түбіне түсу тек өзіне жазылған дейді.

default

Санчездің жұбайының айтуынша, көршілердің барлығы да оның есі ауысқан деп санайтын көрінеді. Алайда, Санчез өзінің бұл әрекетінің тек «Құдайға ғана белгілі бір мақсаты барын» айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Мұхтар Әуезов Әзірет Әлидің қырық бесінші ұрпағы болып шықты (фото)

Ердің де, әйелдің де даусын салған келіншек елдің таңданысын туғызды (видео)

Қытайда басы өзгепланеталықтікіндей болған қорқынышты ер адам табылды (фото, видео)

Талқылау