Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жар басындағы жас жұбайлар (фото)

Кейінгі кезде жас жұбайлар өз тойларының елден ерекше болғанын және ұзақ есте сақталғанын қалайды.

Сондықтан да кейбірі дәстүрлі тойды былай қойып,  тойларын экстремалды жағдайда өткізе бастады. Сұраныстың әсері болса керек, жас жұбайларға осы мәселеде көмек қолын созатын фотографтар да пайда болған.

Мәселен, Нью-Гэмпшир штатының тұрғыны Джей Филбрик (Jay Philbrick) көрген адамның зәре-құты қашатын суреттер түсірумен әуестенеді екен. Бұрын жартасқа өрмелеп шығушы болып істеген ол жас жұбайларды 100 метр биіктікке шығарып, құз басында суретке түсіреді. Әйелі Вики мен тағы бірнеше жаттыққан шеберлермен бірігіп, жас жұбайларға Нью-Гэмпшир штатындағы Эко Лейк саябағында осындай қызмет ұсыныпты. Мұнда жас жұбайларды алдымен 200 метр биіктікке шығарады, содан кейін төмен қарай жартас үстіне түсіреді де, жұмыстарын бастайды. Соның нәтижесінде мынадай суреттер шыққан.

extremewedding02

extremewedding03

extremewedding07

extremewedding10

extremewedding09

extremewedding12

extremewedding05

extremewedding13

extremewedding06

extremewedding16extremewedding19extremewedding04

extremewedding15

extremewedding14

 

 

 

 

 

 

 

Талқылау