Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапониялық туристік фирма “сұлу студент қыздармен бірге ұшу” бағдарламасын тоқтатты

Жапониялық HIS туристік фирмасы “сұлу студенттермен бірге саяхат жасау” қызметін тоқтатуға мәжбүр болды.

ыыыы

Сурет rftrabzon.com

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

HIS туристік фирмасы студенттермен бірге ұйымдастырылатын саяхатты алдағы сәрсенбіге белгілеген болатын. Оның сайтында Токио университеті студенттерінің “каталогы” да көрсетілген.

Негізі қызмет көрсету ережесі бойынша, сұлу студент қыз клиенттің қасындағы көрші креслоға жайғасып, клиенттің ыңғайына сай келетін тақырыпта дәріс жүргізеді.

Жалпы, Жапонияда қыздармен бірге жыныстық қатынасқа бармай ақша төлеп уақыт өткізетін қызмет түрі жолға қойылған. Сол қызмет бойынша, саябақта да қызбен қыдырып, әңгімелесіп, тіпті құшақтасуға да болады.

Дегенмен, HIS туристік фирмасының бұл қызметі жыныстық мәндегі деп есептеліп, айыптауға ұшырады.

Талқылау