Жапонияда барлық балабақша тегін болды
Жапонияның Жоғарғы палатасы тегін балабақша туралы заң қабылдады. Ол 2019 жылдың қазан айында күшіне енеді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, балабақшалар 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалар үшін тегін. Ал, 6 жасында балалар бастауыш мектепке барады.
Сондай-ақ, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды жоғары сыныптарда және жоғары оқу орындарында тегін оқыту туралы заң қабылданды. Ол 2020 жылдың сәуірінен бастап күшіне енеді.
Айта кету керек, бұл заң жүйелерінің бәрі премьер-министр Синдзо Абэнің үкіметі тарапынан енгізілді. Ол біртіндеп елде тегін білім беру жүйесін енгізуді қолдап, оны өзінің саяси бағдарламасының негізіне айналдырды.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді