Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанжал: Алматыда “Оңайды” алдаған кондукторлар ақша істеудің тың жолын тапқан

Алматыда «Оңайдың» енгізілгеніне 1 жарым жыл болcа да, жұрт жол ақыны әлі қолма-қол төлеп жүр. Онда да кондуктордан билет алу қиямет-қайым. Талап етіп, табандап тұрып алған жолаушыға бос қағаз, мерзімі өткен билетпен алдайды. Ал, бақылаушылар мұның бәріне көз жұма қарайтын болған. Қызметі сын көтермейтін қоғамдық көліктегі бейберекетсіздікке қатысты соңғы кезде жұрттың арыз-шағымы да көбейген, деп хабарлайды КТК арнасы.

^B726D696632725843F803212FEFBC1C67C20BC1BFC474C7D00^pimgpsh_fullsize_distr

Алла Мансурова қоғамдық көліктегі сын көтермейтін қызметпен күресіп шаршағандардың бірі. Кондукторға тиісті 80 теңгені уақытылы бергенімен, билет ала алмай талай қырқысқан. Қай автобусқа мінсе де осы жағдай.

«Электронды төлем жасауға арналған құрылғы барлық автобуста жұмыс істей бермейді. Кей кездері өшіп тұрады. Ал, қолма-қол төлесем, билет бермейді. Бақылаушы мен кондуктордың ым-жымы бір», – дейді Алматы қаласының тұрғыны Алла Мансурова.

Қазір жол ақыны ақшалай төлейтіндер көп. Солардың есебінен кондукторлар байып жатыр.

Негізі, дұрыс билет бермеген қызметкердің әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Бірақ, біздің жүргізушілер де, кондукторлар да өз-өздеріне қатты сенімді. Бірі жолаушыны бос қағаз бен ескірген билет арқылы алдаса, кейбір кондуктордан оны да ала алмайсың. Жүгенсіз қызметкерлер тіпті, билет сұраған жолаушыны жерден алып, жерге салуға дейін барады.

Ашулы жолаушылар «Оңайдың» барынан жоғы артық дейді. Себебі, ол енгізілгелі оң өзгеріс болмаған. Ал, көлік холдингі мұның бәрінен хабардар. Бірақ, шарасыз.

«Егер жүргізуші мен кондуктор билет бермесе, жолаушы 80 теңгені төлемеуге құқылы. Ал, біз қазір ақшаны қалтасына басатын қызметкерлермен түбегейлі күресе алмаймыз. Өйткені, біз нарықтың тек 30 пайызын ғана бақылауда ұстаймыз», – дейді «Алматы қаласы көлік холдингі» ЖШС директоры Садир Хамраев.

Мекеме полицейлермен бірігіп, заңсыз пайда табатын кондукторлармен күресті күшейтеміз деп сендірді.

Қызметтің сын көтермейтініне қарамастан, қолма-қол төлем бағасы қымбаттамақ. Енді, оның құны 2 есеге дейін көтерілуі мүмкін. Яғни, билет 150 теңгеден сатылады. Қазір бұл мәселені жергілікті шенеуніктер талқылап жатыр. Ал, электрондық карта арқылы төлем бағасы 80 теңге болып қала бермек.

Жіберіп алмаңыз:

Бір сағаттық келін: Әйелдер жаңа қызмет түрлерін ашып жатыр

ІІМ басшысы: ЭКСПО басталмай тұрып Астананы жезөкшелерден “тазартқанбыз”

Желіде полицейлерді балағаттаған қазақстандық қызға айыппұл салынды

Үлкен ақымақтық: Талдықорған тұрғыны қымбат Porsche көлігін қоқысқа тастады

Талқылау