Жантүршігерлік өлім: Студент көрші қызды өлтіріп зорлап, соңынан өзіне қол салды

19 жастағы жігіт өзімен қатар студент қызды аяусыз өлтіріп, зорлап тастады.

Оқиға 23 қаңтар күні Мәскеуде болды. Жігіт пен қыз бірге пәтер жалдап тұрған. Артем есімді жігіт желідегі парақшасында оқиғаның қалай болғанын өзі жазып, бәрімен қоштасқан. Соңынан өзіне қол салған.

Оның жазбасын желі қолданушыларының бірі оқып, полицияға хабар береді. Полицейлер аталған мекен-жай бойынша келіп, екі адамның денесін тапты.

Студенттің хатында жазылғандай, ол бірге тұрған көрші қызды таңғы сағат 4-ке дейін күтеді. Бойжеткен үйіне оралғанда оны бас салып ұрып-соғады.

«Ол менен кетуімді сұрады. Мен оны қылқындыра бастадым. Бір кезде есінен танды. Жүрек соғысы тоқтамай тұрғанда, онымен жыныстық қатынасқа түстім. Одан кейін де жүрегі соғып тұрды. Сондықтан пышақпен тамағынан орып жібердім», – деп жазды жігіт парақшасында.

Татьянаның демі әлі де үзілмегендіктен Артем оның қабырғасына пышақ сұғып алады.

«Оның даусын естімес үшін және қанды көрмеу үшін аузына шұлықты тығып қойдым», – деп жазған студент жігіт қылмыстың егжей-тегжейіне дейін баяндап берген.

Артем бұл қылмысына жауапсыз махаббаттың себеп болғанын жазған.

«Оның менімен бірге ішімдік ішкісі келмейтінін, менің досымды жақсы көретіні жаныма батты», – деп жазды Артем.

Артем мен Татяна бір кездері көңіл қосқан. Алайда бойжеткеннің сезімі суып, онымен қош айтысқан.

Артем Татянаны өлтіру жоспаын қаңтар айының басында құрғанын айтты. Ол тіпті 6-7 сынып оқып жүргенде де өзімен компьютер ойнауға келетін дос баласын өлтіру туралы ойлағанын жасырмады.

Тағы да оқыңыз:

«Аллаһу акбар» деп шоқынған христиан елді таңғалдырды (видео)

Алматыда артындағы көліктің өртенгенін көрмей көше сыпырған тазалықшы жұртты күлдірді (видео)

Мен оны 22 жыл күттім: Астанада егде жастағы ер адам сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Загрузка...
Қазір оқып жатыр