Жанқош Тұраров кәсіби рингте 19-шы мәрте жеңіске жетті
25 жастағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров кәсіби рингте 40 жастағы бразилиялық Даниэл Соуз Сантосқа қарсы өзінің 19 жекпе-жегін өткізді (15-11-0, 12 КО).

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды. Жекпе-жек Нью-Джерсиде орта салмақта өтті және боксерлік кештегі 10 айқастың бірі болды.
Айта кетейік, Ж.Тұраров өз спорттық жолында осыған дейін 18 рет жекпе-жекке шыққан. Бүгінгі айқастан кейін ол 19-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр. 13 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған.
Жанқош Тұраров (1990 жылы 20 қарашада Жамбыл облысында дүниеге келді) – қазақстандық қәсіпқой боксшы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 2009 жылдың 6 ақпан күні Алматы қаласында кәсіпқой бокстағы алғаш жекпе-жегін өткізді.
Жартылай орта салмақ (до 66,7 кг)
ProRecord: 19 кездесу, 19 жеңіс (КО 13), 0 жеңіліс.
NBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы!
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық