Жанкүйерлер жеңісті Левиттің қарсыласына берген төрешілерге қарсы шықты
Қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың шешуші ойынын тамашалаған жұрт төрешінің соңғы сөзінен кейін жаппай шу көтерген. Олар алтын медальдың ресейлік спортшыға берілгеніне қарсылық танытқан. Жиналған жұрт Тищенконың жеңісі хабарланғаннан кейін біраз уақытқа дейін “Қазақстан, Қазақстан” деп ұрандатқан.

Ресейлік боксшы қазақстандық Василий Левитті 3:0 есебімен жеңіп, 91 келіде Олимпиада чемпионы атанған болатын. Жанкүйерлер де төрешілер Василий Левиттің нысанаға дәл тиген соққыларын есептемей кетті деп шулады.
Дегенмен бұл гуіл мен бас көтеруден ешқандай өзгеріс орнаған жоқ. Есесіне ресейлік Евгений Тищенконың жеңісіне қазақстандықтар ғана емес, әлем халықтарынан жиналған жанкүйерлер күмән келтіретіндігі білінді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан