Жәнібек Әлімханұлы 11 жыл түрмеде отырған америкалық «Жыртқышпен» жекпе-жекке шығады
Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы америкалық Вон Александермен кездеседі.
BoxRec.com ақпараты бойынша, Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы америкалық Вон Александер. Жекпе-жек АҚШ-тың Техас штаты Эль-Пасода қаласында өтеді.
Вон Александердің шабуылға қатысқаны үшін 2004 жылы сотталғаны белгілі болды. Түрмеге дейін мықты спортшылар санатында болды. 2015 жылы түрмеден босап шығып, 6 бірдей жекпе-жек өткізген. Оның бәрінде жеңіске жеткен.
Осы жылдар аралығында Геннадий Головкинмен айқасқа түскісі келетінін айтып жүрді. Ол түрмеде отырған жылдары боксты сағынғанын, тек жеңісті көздейтінін айтты. Қазіргі жасы 32. Өзі Миссури штатының Сент-Луис қаласының тумасы. Осы уақытқа дейін 12 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде жеңілген. 8 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.