Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңғақ, түйреуіш, сақина: Дәрігерлер әйелдің асқазанынан 1,5 келі түрлі заттар алып шықты

Үндістанда дәрігерлер пациенттің ас қорыту жолдарынан 1,5 келі түрлі заттарды алып шықты. Олардың ішінде жаңғақ, бұрандама, зергерлік бұйымдар бар.

Жаңғақ, түйреуіш, сақина: Дәрігерлер әйелдің асқазанынан 1,5 келі түрлі зат алып шықты

Бұл туралы  Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Гуджарат штатындағы Ахмадабад қаласында Сангита есімді әйел ішінінің ауыратынына шағымданып, ауруханаға барған. Оны қараған хирург Нитин Пармар пациенттің асқазаны «қап-қатты» болғанын айтты.

Артынша 40 жастағы әйел ренгтген тексеруіне жіберілді. Ол пациенттің асқазанында металл ілгек, шаш қыстырғыш, мыс сақина, ағылшын түйреуіші тәрізді көптеген бөгде зат жатқанын көрсетті. Тіпті, Сангитаның өкпесін тесіп шыққан түйреуіш асқазанына тіреліп қалған.

Жаңғақ, түйреуіш, сақина: Дәрігерлер әйелдің асқазанынан 1,5 келі түрлі зат алып шықты

Хирург әйелді бірден ота жасатуға жіберді. Дәрігерлер оның асқазанындағы заттарды алып шығу үшін шамамен 3 сағат ота жасады. Отадан кейін дәрігерлер Сангитаның туыстарын іздестірген, алайда таба алмапты. Бүгінгі таңда әйел дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақты.

Аурухана қызметкерлерінің пікірінше, әйел акуфагия аталатын сирек кездесетін психикалық дертке шалдыққан. Мұндай дерт кезінде адам өткір заттың бәрін жұта береді екен. Әдетте акуфагия кішкентай балалар мен әйелдердің (соның ішінде жүкті әйелдердің), дамуында ақау бар және кедей аудандарда тұратын адамдарда кездеседі екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау