Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнел Садуақас «Новая волна» байқауында үшінші орынды ұтты (Видео)

Балалар арасында өткен «Новая волна-2016» байқауында еліміздің намысын астаналық 11 жасар Жәнел Сәдуақас қорғады. Жас дарын иесі үшінші тұғырдан көрініп, ел мерейін үстем етті.

4a346bce-dde9-4fa5-aff4-c882d15135d0
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Байқау финалы Қырымдағы «Артек» халықаралық орталығында 11-13 тамыз аралығында өтті. Өнер додасына әлемнің 11 елінен 8 бен 12 жас аралығындағы барлығы 15 бала қатысқан. Оның ішінде Ресей, Армения, Абхазия, Латвия, Мальта, Қазақстан, Қырғызстан, Корея және Румыния өнерпаздары бар.

Естеріңізде болса, бұған дейін Жәнелдің «Новая волна-2015» байқауының екінші орын иегері, қазақстандық әнші Ademi-ден сабақ алып жүргенін айтқан болатынбыз. Ademi аталмыш байқауда Қазақстанды үздік үштікке кіргізген алғашқы әнші.

Жәнелге ұстазының жеңісі жұғысты болды. Ол да Ademi сияқты Қазақстанды үздік үштікке кіргізді. Біз үшін бұл зор мақтаныш! Жарайсың, Жәнел! Бүгінгі жеңісің бағындырар белестеріңнің бастамасы болсын!
1c9df20f71aa4737f4bfdcbea6d7a485


Жіберіп алмаңыз:

Мәскеуде өткен ән байқауында Ару Әуезова үшінші орын алды (видео)

Елдос Сметов бала кезінде көптеген ән байқауларына қатысқан (фото)

“Славян базары-2016” байқауында қазақстандық әнші екінші орын алды

Талқылау