Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жандарбек Бұлғақов бірнеше жыл бойы айтыстан шеттетіліп келгенін айтты

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов “Алтын домбыра-2017” жүлдесін жеңіп алды. Көптен бері халық алдына шықпай кеткен ақын, ол жағдайды  3-4 жыл көптеген айтыстардан шеттетілгенін айтты.

“Жыл сайын өтетін “Алтын домбыра” айтысына қатыспағаныма 3-4 жылдың жүзі болып қалыпты.Əр түрлі жағдайларға байланысты аламан айтыстан шеттетіліп қалсам да биылғы жылдың қорытынды айтысы “Алтын домбыраға” Мəдениет жəне Спорт министірі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзі қосып, арнайы қабылдауына шақырып айтыс алдында ақ батасын берді. Халықпен қайта қауышуымызға мүмкіндік туғызған ағамызға алғысым шексіз”,-деп жазды ақын желідегі парақшасында.

“Алтын домбыраны” жеңіп алған ақын барлық жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

“Сүйінші ағайын!!!! Алланың қалауымен 2017-жылдың алтын домбырасын ұтып алдық. Қазақстанның түкпір-түкпірінен ақ тілегін жаудырып, маған тілектес болып отырған ағайынға мың алғыс! Жүлделі болған жүйріктердің барлығын құттықтаймын!”,-деп жазды Жандарбек Бұлғақов.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде газ тапшылығы қолдан жасалған болуы мүмкін

Қазақстанның жедел жәрдем көліктері лимон түске боялады

Метрода қызды пойыздың астына итеріп жіберді (видео)

СІМ:Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар адам өлтіруге дейін барады

Талқылау