Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанболат Жазираны құшақ-құшақ гүл жіберетін тыңдарманынан қызғанып жүр

Жазира Байырбекова соңғы уақыттары тыңдармандарынан түрлі сыйлықтар алып жүрген ұқсайды. Жанкүйерлері көбінесе Жазираға нәзік жандыларға қуаныш сыйлайтын гүл, тәттілер мен әншінің суреттерінен құралған альбомдар жібереді екен.

жаке жазира

Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

«Мен тыңдармандардан гүл, шоколад, көбінесе альбомдар, естеліктер аламын. Өзімнің суреттерімді жасап, салып жібереді», – деді әнші.

Десе де әнші өзін көп сыйлық алатын арулардың қатарына жатқызбайтынын мәлімдеді. Онысы заңды да. Қанша дегенмен, отбасылы әйелдерден қарағанда тұрмыс құрып үлгермеген аруларға түрлі сый-сыяпаттардың жасалынатыны белгілі.

Ал тыңдармандарынан келетін сыйлықтарды Жазира күйеуі Жанболаттың қалай қабылдайтынын білмейтін болып шықты. Себебі Жанболат қызғанса да, онысын іште жасырып қалады екен.

“Қалай қабылдайтынын білмеймін. Сол сұрақты өзіме де қоямын”, – деп түсіндірді Жазира.

Жіберіп алмаңыз:

Алтынай Талғат Жорабаевқа тосыннан су жаңа көлік сыйлап қуантты (видео)

“Шмән әженің” рөлін сомдайтын танымал пародист 30 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Менің анам мен үшін мінсіз. Айсәуле Бақытбек жан айқайын жеткізді

Ерке Есмахан: Махаббаттан басым айналып жүр

 

Талқылау