Жаңажолдағы мұнай-кен орнындағы жарылыс: зардап шеккен жұмысшы үш апта бойы ауруханада жатыр

Ақтөбе облысы Жаңажолдағы мұнай-кен орнындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен жұмысшы Сырлыбай Артықбаевтың ауруханада жатқанына екінші аптадан асып барады.

Бұл туралы «Ақтөбе Таймс» сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жарылыстан бері екі апта өтсе де зардап шегуші әлі де әрең сөйлеп жатыр. Дәрігерлер оған дәрі тамызғыш қойып, түрлі дәрі-дәрмек беруде.

«Жарылыс болған кезде біз сорғыға клапан қояйық дегенбіз. Неліктен жарылып кеткенін білмеймін. Бірден есімнен танып қалып, 14-16 сағаттан кейін Кеңқияқтағы ауруханада есімді жидым. Басшылықтағылардың бірі мені ауруханаға әкелген екен. Мұнан кейін жедел жәрдем көлігінің көмегімен мені ЖМКА-ға жеткізді. Қазір менің басым қатты ауырады. Әсіресе, кешке әлсіреп қаламын. Үйде 6 жасар ұлым мен әйелім отыр. Екінші слесарь қаза болды. Құдай кішкентай ұлымның көз жасын аяғаннан аман қалған шығармын. Мен – отбасымның жалғыз асыраушысымын. Басшылықтағылар жағдайымды білу үшін келіп кетті. Бірақ уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша төлем мен жалақымды беретіні не бермейтіні белгісіз», – дейді 45 жастағы жөндеуші-слесарь Сырлыбай Артықбаев.

Айта кетсек, қайғылы оқиға 22 ақпанда орын алған еді. ТЖ орнында бір жұмысшы көз жұмды, ал екіншісі ауруханаға жеткізілді.

«Зардап шегуші күкіртті сутек буынан 3-інші ауырлық дәрежесінде уланған. Көз жұмған жұмысшының мәйітіне сараптама жүргізілді. Алдын ала болжам бойынша белгісіз у, күкіртті сутектен уланған. Қанынан эти спирті табылған жоқ. Марқұм Шалқарда тұрған. Оның ересек балалары бар. Қазіргі уақытта біз қайғылы оқиға жөнінде акт толтырып жатырмыз», – дейді еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бауыржан Оразов.

Оның айтуынша, төлем жөніндегі мәселе тергеу аяқталғаннан кейін шешілетін болады.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар адамдардың неліктен семіріп бара жатқанын анықтады

Бала не себепті қоянжырық дертімен туады?

Дәрігерлерді таңғалдырған жайт: Алматыда 50-ден асқан әйелдер жасанды жолмен сәбилі болып жатыр

Павлодарлық оқушылар диабетке қарсы сусын ойлап тапты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар