Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанат Жақиянов басшылық қызметке тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры болып Жанат Жақиянов тағайындалды.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Жанат Жақиянов солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде 2007 жылдан бастап бапкер-оқытушы қызметінде болды.

«Бокс мектебі алдына үлкен мақсаттар қояды, сондықтан оларға жету үшін бірігіп жұмыс жасау керек», – деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин.

WBA (2015-2017) нұсқасы бойынша әлемнің уақытша чемпионы, WBA супер және IBO (2017) нұсқалары бойынша чемпионы болған, EBU (2014-2015) нұсқасы бойынша Еуропа Чемпионы Жанат Жақиянов 2007 жыл кәсіпқой рингке алғаш рет шыққан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау